Жаңа жылдың алдындағы жиын

30.12.2021

Алматыда Республикалық үстел теннисі федерациясының залында Қазақстан спортшылары мен Ресейдің Свердлов облысының "ОТМК" (Орал тау-кен металлургия компаниясы) атақты клубының оқу-жаттығу жиыны өтуде. Спаррингтер, шағын турнирлер, тәжірибе алмасу барлығына тек пайда әкеледі. "ОТМК" жаттықтырушысы Сергей Хонин әңгімелейді:

"Біз Қазақстанға тағы да достарымызға үлкен қуанышпен келдік. Сіздерде мықты теннисшілер бар - Сарвиноз Мирқадірова, қорғаушы Бақдәулет Әкімәли және олармен бәсекелесу әрқашан қызықты. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, баршаңызды Жаңа жылмен құттықтап, денсаулық, бақыт, табыс тілеймін. 2022 жыл тек жақсы оқиғалар әкелсін, ал біздің кездесуіміз Ресей, Қазақстанның клубтық чемпионаттарында, бірлескен жиындарда жалғаса берсін".


Оңтүстік астанаға "ОТМК" құрамында 13 жастағы Злата Терехова келді, ол биыл жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттарында (Португалия) және Еуропада (Хорватия) командалық есепте күміс медаль жеңіп алды.

Злата Терехова: "Қазақстанда мен бұрын болғанмын, ал Алматыда алғаш рет. Өте әдемі қала, таза, айналамызда аппақ қар. Маған мұнда ұнайды.

Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын. Сіздерді жағымды тосынсыйлар, қуанышты кездесулер, өркендеу күтіп тұрсын және 2022 жыл 2021 жылға қарағанда жақсы болсын, баршаңызға мерекелік көңіл-күй, мықты денсаулық тілеймін".


Талап Қойбағаров