Жаңа кеңседегі Астана күні

05.07.2020

Өткен жылдың соңында Нұр-Сұлтанда қалалық үстел теннисі федерациясы мүшелерінің конференциясы өтті, онда председатель болып елдің құрметті сәулетшісі, «Global Expert Development Group» директорі Абзал Сағымбаев сайланды. Қысқа уақыт ішінде біздің жаттықтырушылардың, спортшылардың білімін, іскерлігін, дағдыларын ескере отырып, жаппай үстел теннисін дамыту және сабақтарға қол жетімділік, оқу-жаттығу жиындарын өткізу, спорттық разрядтарды беру үшін жақсы жағдайлар жасалған. Ал мемлекеттік мереке - Астана күні қарсаңында қалалық үстел теннисі федерациясының кеңсесі ашылды. Құттықтаймыз!


Елордалық теннисшілер Алина Шайхина, Алиса Цвигун, Полина Грошева және Елизавета Лаврова 2006 ж.т. және одан кіші (Түркістан қаласы) спортшылар арасында ел чемпионатының командалық алтынын жеңіп алды.


Талап Қойбағаров