Үздік үш клубтың қатарына ену үшін күресеміз

07.02.2020

Қазақстандық TTC "Astana" командасының қатысуымен Ресей үстел теннисі федерациясының командалық чемпионатының 3-ші туры Екатеринбургте басталды. Таңертең Дастан Кенжеғұлов, Бақдәулет Әкімәли, Санжар Жұбанов, Ырысбек Артұқметов № 12 ОРСМ (Самара) клубына 1:3 есебімен ұтылып қалды, ал кешке ОСШОР (Түмен) клубын 3:0 есебімен жеңді. Алдағы уақытта біздің теннисшілеріміз тағы үш матчта өнер көрсетеді. Ресей Суперлигасының 12 клубы арасында TTC "Astana" 4 орынды иеленуде.

Талап Қойбағаров