Үздік-12

22.12.2022

Желтоқсан - Қазақстанның үстел теннисі үшін қолайлы ай: Тунисте жастар арасындағы әлем чемпионатында қарағандылық Алан Құрманғалиев аралас разрядта алтын және жеке есепте қола медаль жеңіп алды. Елордада "ADD Table Tennis Center Astana" заманауи үстел теннисі орталығының, ал Ақтөбеде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің (БЖСМ) ашылуы өтті. "Алтын күз" халықаралық турнирі және Супер, I-ші, II-ші, III-ші лигаларда Қазақстанның ашық командалық чемпионатының финалы сәтті өтті. Ал енді ракетка шеберлері қыстың бірінші айын 24, 25 желтоқсанда Алматыдағы "ADD" орталығында өтетін ең мықты ТОП-12 дәстүрлі турнирімен аяқтайды.

Талап Қойбағаров