2021 жылғы алтын жүлдегерлер Батыс Қазақстан (ерлер), Қарағанды облыстарының (әйелдер) құрама командалары жартылай финалдық матчтарда жеңіліс тауып, қола жүлдеге ие болып, чемпиондық өкілеттіліктерін өткізді. Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Дастан Кенжеғұлов 2:3 есебімен шығысқазақстандықтар Денис Жолудев, Сағантай Құрмамбаев, Сергей Коноваловтардан ұтылды. Бірінші орынды ШҚО - Нұр-Сұлтан ұтысқа салады.
Қарағандылықтар Зәуреш Ақашева, Арай Әшкеева, Александра
Смирнова финалға шығу үшін елордалық теннисшілер Анастасия Лавровамен, Малика
Сандыбаевамен, Алиса Цвигунмен жарысты. 2:2 есебімен алаңға спорт шебері Арай Әшкеева
мен спорт шеберіне үміткер Алиса Цвигун шықты (суретте). Ойын жағынан, турнирлік тұрғыдан тәжірибелі Арай 2:0
есебімен алға шықты, үшінші партияда 7:2, 9:4 есептерімен басым болды және Қарағанды
облысының құрамасы кезекті рет чемпионаттың "алтыны" үшін бақ
сынайтынына ешкім күмәнданбады. Бірақ қызық болды - 14 жастағы Алиса 0:2 нәтижесін
3:2-ге өз тарапына қарай өзгертті. Бізді
қызықты финал күтеді: Нұр-Сұлтан - Шымкент.
2022 жылғы ҚР чемпионатының қола жүлдегерлері:
Ерлер құрамасы.
Батыс қазақстан облысы - Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов,
Дастан Кенжеғұлов, Нұрдәулет Нугай,
Дамир Мэлсов.
Қарағанды облысы - Владислав Захаров, Алан Құрманғалиев,
Эрик Райтер, Әмір Торғайбеков.
Әйелдер құрамалары.
Батыс қазақстан облысы - Гүлчехра Құсейінова, Гаухар Алмағамбетова,
Аружан Бекіш, Әсем Нұрмұханбетова, Аружан Ілияс.
Қарағанды облысы - Зәуреш Ақашева, Александра Смирнова,
Арай Әшкеева, Жанерке Көшкімбаева, Виктория Мочалкина.
Талап Қойбағаров