Қызу ойын, қуаныш пен қайғының көз жасы

15.06.2022

Әр түрлі деңгейдегі жарыстарда үстел теннисі әр түрлі қабылданады. Мысалы, әлем чемпионаты - бұл фантастикалық теннисшілер, олардың керемет шеберлігі, спорт түрі сұлулығының көрнекі көрінісі. Қазақстан чемпионаты - ойынның жоғары деңгейі, мықты бәсекелестік, қызықты матчтар. Алматыда өтіп жатқан 2011 ж.т. және одан кіші спортшылар арасындағы ел чемпионаты - қызу ойын, қуаныш пен қайғының көз жасы, күтпеген нәтижелер. Бүгін командалық есепте алтын, күміс, қола жүлдегерлер анықталды.

Қыздар.

1 орын Маңғыстау облысы: Амира Әлімгерей, Айя Уәли, Назерке Қартбай, Маржан Амангелді, Ару Жаңбырова, жаттықтырушылары Еркін Бұрбасов, Мұхаммед Тілегенов, Дмитрий Игнатюк, Жақсылык Османов.

2 орын Қостанай облысы: Аружан Төлебай, Жания Бекмұхамбетова, Карима Мұхамбетсалықова, София Маслова, жаттықтырушылары Лилия Магалеева, Таир Карпташаров.

3 орын Қарағанды облысы: Мария Лукьянова, Айым Амирза, Айша Омарова, Арина Рябова, Эльмира Мұхаметқалиева, жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Татьяна Ким, Александр Брижевский.

3 орын Нұр-Сұлтан қ.: Елизавета Агалакова, Маргарита Лаврова, Арайлым Сапабек, София Кезина, Анастасия Тарелкина, жаттықтырушылары Александр Герасименко, Серік Мұрзаспаев.

Ұлдар.

1 орын Түркістан облысы: Марлен және Абай Жұмағұл, Орынбасар Есімхан, Әмір Сапарәли, Абылай Ермаханұлы, жаттықтырушылары Мұхтар Сыздықов, Дәулет Мұханбетәли, Бақдәулет Сыдықов, Рахат Полатханов.

2 орын Батыс Қазақстан облысы: Арсен Асқар, Мансұр Сүйіндық, Тагир Бахтияр, Ансар Айдосұлы, Арсен Мұрзағалиев, жаттықтырушылары Сарвар Назарова, Владислав Кузьмин.

3 орын Қарағанды облысы: Олег Яковлев, Андрей Мочалкин, Манас Тұрдұғожаев, Әлинұр Қайратбек, Нұрболат Ғабдолла, жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Татьяна Ким, Александр Брижевский, Әлия Әмірханова.

3 орын Шымкент қ.: Сұлтанмұрат Игитәли, Асет Нұрлан, Ералхан Дулат, Нұрасыл Каналбек, Ифтихор Ирисматов, жаттықтырушылары Нұрдәулет Оразбаев, Рустам Мирасланов.

Қазақстан чемпионаты жеке, жұптық және аралас разрядтағы матчтармен жалғасады.


Талап Қойбағаров