Қуанышты жоспарлар өзгерді

14.04.2020

«Шаңырақ» шағын ауданындағы Олимпиада резервтері мектеп-интернат-колледжінің оқушысы, спорт шебері Ангелина Романовская (жаттықтырушысы Евгений Тимченко) 2020 жылды көтеріңкі көңіл күймен бастады: Қарағандыдағы үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында үш медаль жеңіп алды - бір күміс және екі қола медаль. Спорт маусымы басталғанда, ол теннистің биік шыңдарын бағындыруға дайын болды және кенеттен (Қытайдан) COVID-19 пайда болды да, қуанышты жоспарларға өзгертулер енгізді. Қазір Ангелина туған қаласы Екібастұзда спорттық күйін қолдауда. Бейнені көрейік. https://www.instagram.com/p/B-9r3m1HezV/

Талап Қойбағаров