Тәжірибе жастыққа қарсы

11.01.2021

Үстел теннисінен жеке-командалық Қазақстан чемпионаты "Saryarka" орталығында (Қарағанды) 12-17 қаңтар аралығында өтеді. Медальдар үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және еліміздің облыс құрамалары күресетін болады. Кирилл Герасименкодан басқа барлық мықты спортшылар өнер көрсетеді. Қызықты чемпионат күтілуде: тәжірибелі Тимур Келбұғанов (Алматы), Денис Жолудев (Шығыс Қазақстан облысы), Гүлчехра Құсейінова (Орал), Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан), Владислав Захаров (Қарағанды), Зәуреш Ақашева (Қарағанды), Айдос және Дастан Кенжеғұловтар (Орал), Эрик Райтер (Қарағанды), Деас Мархабаев (Ақтөбе), Айя Әлімбаева (Алматы), Александр Герасименко (Нұр-Сұлтан), Әсемгүл Өтепова (Павлодар облысы) өздерін барлық мықты жақтарынан көрсетуге тырысады. Оларға мынандай дарынды жастар қуып-жетіп келеді - Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы), Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Әнел Бақыт (Шымкент), Ескендір Харки (Жамбыл облысы), Бақдәулет Әкімәли (Шымкент), Алсу Сапарова (Орал), Ырысбек Артұқметов (Шымкент), Санжар Жұбанов (Орал), Алина Борисюк (Қостанай).

Қазақстан чемпионаты күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, көрермендерсіз өтеді.

Талап Қойбағаров