Турнирге жоғары мәртебе беру

09.03.2018

Үш күн бойы Шымкентте, қазақ халқын жоңғар басқыншыларынан азат етуші, халық батыры Ақпан батырды еске алуға арналған үстел теннисінен I-ші Халықаралық жасөспірімдер турнирі өтті. Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның облыс орталықтарынан келген 100 спортшы үлкен (1996 ж.т және одан жас) және кіші (2001 ж.т және одан жас) топтарда сайысқа түсті. Шебер теннисшілерді анықтау командалық турнирінен кейін, спортшылар шеңбері анықталып, дәл осы ойыншылар жеке турнирде жүлделі орындар үшін күреске түсті. 17-13 жас аралығындағы қыздар арасында олар Сарвиноз Мирқадірова (Оңтүстік-Қазақстан облысы), Мархабо Мағдиева (Өзбекстан), Мария Тихонова (Ресей), Маргарита Мурзина (Ресей), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Озода Азатова (Оңтүстік-Қазақстан облысы), Мехринисо Норқұлова (Өзбекстан) болды.Олар өз қарсыластарын ешбір кедергісіз жеңіп, сол қарқынмен көптен күткен марапаттаулар мен бағалы жүлделерге жақындай түсті. Қорытындысында қола жүлдені сарапқа салу ойынында Мария Тихонова қарсыласы Мехринисо Норқұловадан басым түсті, ал финалда Сарвиноз Мирқадірова 1:3 есебімен өзінің бұрыңғы қарсыласы Мархабо Мағдиеваға ұтылды. 22-18 жастағы теннисшілер арасында Қарағандылық спорт шебері Зәуреш Ақашеваға тең келер ешкім болмады. Осы сайыста күміс жүлдені Анель Бақыт («Алматы Шаңырақ» спорт мектебі) жеңіп алды, ал қола жүлде Қалықбай Медиананың (Жамбыл облысы) қанжығасына байланды.

Кіші жасөспірімдер арасында тамаша ойын көрсеткен Андрей Гребенюк (1 орын, Украина), Бағдәулет Акімәли (2 орын, Оңтүстік-Қазақстан облысы), Дмитрий Шепетнев (3 орын, Ресей), Ескендір Харки (Жамбыл облысы), Ырысбек Артұқметов (Оңтүстік-Қазақстан облысы), Озод Пардаев (Өзбекстан).

Турнир Бекұлан Жамалов (Оңтүстік-Қазақстан облысы) және Эрик Райтер (Қарағанды) арасындағы финалдық кездесумен аяқталды. Екеуіде спорт шеберлері, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері. Көптеген жанкүйерлер жарыс иесі Бекұланға қолдау көрсетті, бұл оған қосымша күш берді.Эрик Райтер ерлікпен шайқасты: жеңіліп жатып қуып жетті, алдыға шықты. Финалистер бес партия ойнады, есеп 3:2 сөйтіп Бекұлан Жамал чемпион атанды. Үшінші орында Александр Олеськевич (Украина).

Қорытындысын шығарамыз.

- Оңтүстік-Қазақстан облысының жаттықтырушылары Нұрлан Оразбаев, Миряқуб Мирасланов,Ердәулет Оразбаевкоманда қоржынын алтын, күміс және қола медальдармен толықтырған, өз тәрбиеленушілерін жарысқа өте жақсы дайындады.

- Ресей, Украина және Өзбекстаннан келген қонақтар Шымкентке шебер теннисшілерді алып келді, олар өз қатысуларымен Халықаралық турнирдің сәнін келтіріп, оның мәртебесін көтерді.

- Қалалық № 6 спорт мектебінің директоры Мақсат Князов бастаған осы турнирдің ұйымдастырушылары жарысты керемет деңгейде өткізді, және осы аталмыш турнирді дәстүрлі етіп жасап оған одан да жоғары халықаралық мәртебе беруді жоспарлап отыр.








Талап Қойбағаров, Шымкент қ.