Турнирдің финалдық бөлігіне шықты

04.12.2021

Санкт-Петербургте, "Комета" үстел теннисінің арнайы залында спорт шебері Николай Никитинді еске алуға арналған XXI халықаралық турнир өтуде. Нева жағалауындағы қалада Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Молдова, Ресей, Өзбекстан спортшылары өнер көрсетуде. 13-15 жастағы қатысушылар арасында қазақстандықтар Абдұлла Мамай (Түркістан), Қадырәлі Қабдылуахитов (Ақсу, Павлодар облысы) сенімді ойын көрсетуде. Өз кіші топтарында 4 ойын өткізіп, олар 3 рет жеңіске жетіп, жарыстың финалдық бөлігіне шықты:

Абдұлла Мамай - Артём Ямщиков (Ухта) 3:1, Егор Огнев (Санкт-Петербург) 3:0, Игорь Патчин (Владимир) 3:0, Руслан Адигезалов (Армавир) 1:3.

Қадырәлі Қабдылуахитов - Юрий Пушленков (Химки) 3:2, Илья Дурхисанов (Бурятия) 3:0, Давид Опевалов (Ленинград облысы) 3:1, Евгений Баталов (Нижний Новгород) 1:3.

Турнир жалғасуда.

Талап Қойбағаров