Турнир, медаль, турнир, марапат - жақсы дәстүр!

27.05.2022

Алан Құрманғалиев халықаралық аренада кезекті, 13-ші медаль жеңіп алды. Бұл Кастель-Пладжа-де-Арода (Испания) өткен Азия, Еуропа, Оңтүстік Америка спортшыларының қатысуымен "WTT Youth Contender" өкілдік турнирінде болды. 15 жас санатында қазақстандық ойыншы Давид Лоренцоны (Италия), Олег Стефановичті (Польша), Тьяго Олхероны (Португалия), Куо Гуан-Хонганы (Тайбэй), Тамито Ватанабені (Жапония), Тьяго Абиодананы (Португалия) жеңіп, екінші орын алды. Алан мен оның жаттықтырушысы Эльмира Әлиеваны құттықтаймыз.

Талап Қойбағаров