Турнир кестесінің ортасында

23.01.2023

Үстел теннисінен Германия чемпионатының ең мықты дивизионында 14-ші тур өтті. Құрамында Кирилл Герасименко өнер көрсететін Бременнің «Werder» клубы Майнцте жергілікті «FSV Mainz 05» клубымен ойнады және 3-1 есебімен жеңіске жетті.

Лука Младенович («FSV Mainz 05») - Кристиан Плетеа («Werder») 2:3;

Андрей Путунтика («FSV Mainz 05») - Маттиас Фальк(«Werder») 1:3;

Карло Росси («FSV Mainz 05») - Кирилл Герасименко («Werder») 3:2;

Лука Младенович («FSV Mainz 05») - Маттиас Фальк («Werder») 1:3.

«Werder» клубында бүгінгі күнде 7 жеңіс, 7 жеңіліс бар және ол Бундеслиганың 12 командасы арасында 6-шы орынға ие.

Талап Қойбағаров