Туған күніне медаль

04.02.2019

Астанада бесінші күні Қазақстан Республикасының Спартакиадасы бағдарламасындағы үстел теннисі бойынша турнир өтіп жатыр. Бүгін ерлер және әйелдер арасында жеке турнирде қола жүлдегерлер анықталды. Шымкенттік спорт шебері Сарвиноз Мірқадірова өзінің 14-ші туған күніне жақсы сыйлық жасады (суретте). Республиканың жасөспірімдер құрамасының көшбасшысы елдің басты команда ойыншылары Гүлчехра Құсейінова, Айя Әлімбаеваны жеңіп, Зәуреш Ақашеваға өз есесін жіберіп алды және нәтижесінде үшінші орынды иеленді. Талантты теннисші 2019 жылды тамаша бастады: қаңтар айының ортасында ол Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу турнирінде екінші болды, «ТОП-12» турнирінде сәтті ойын көрсетті. Ілгерілік көрініп тұр. Екінші қола жүлдегер болып Гүлчехра Құсейінова атанды (Батыс Қазақстан облысы), ол сенімді түрде Наталья Шумилованы (Қарағанды облысы) жеңіп кетті.

Үшінші орындар белгілі болды, ал енді 5-ші ақпанда алтын жүлде үшін өзара сайысқа Анастасия Лаврова (Астана) және Зәуреш Ақашева (Қарағанды облысы) түсетін болады.

Ерлер арасында бірінші орын үшін матчқа аса қиындықсыз халықаралық дәрежедегі спорт шебері Астаналық Кирилл Герасименко жетті. Финалда оның қарсыласы Қазақстанның қазіргі чемпионы Денис Жолудев (Шығыс Қазақстан облысы) болады. Екі теннисшіде осында Спартакиадада командалық турнирде кездескен болатын, ол кезде жеңіске... Сіздер түсінген шығарсыздар кім екенін.

Үшінші орынға Тимур Келбұғанов (Алматы), Бекұлан Жамал (Шымкент) ие болды.

4 ақпанда Спартакиада турнирінде көрермендер жұптық және аралас разрядтардағы шайқастарды тамашалайды.



Талап Қойбағаров