Әттеген-ай, есеп 1:11

21.02.2019

Эребру қалашығында (Швеция) «Swedish Junior & Cadet Open, ITTF Junior Circuit» атты үстел теннисінен Халықаралық турнирі басталды. Қазақстандық жас спортшылар Сарвиноз Мірқадірова, Александра Смирнова (суретте), Темірлан Ким және Алан Құрманғалиев жеке разрядтарда жалпы алғанда он екі шайқас өткізді және оның он бірінде жеңіліс тапты. Жалғыз жеңіс ұпайын Александра Смирнова ғана алды, ол италияндық теннисші Аси Бертолачиниден мықтырақ болды есеп 3:2. Енді біздің спортшыларымыз жұптық жарыстарда ойын көрсетеді.

Талап Қойбағаров