Әттең, жеңіліп қалдық

22.07.2022

Жүлде қоры 500 мың американдық долларды құрайтын үстел теннисінен WTT Champions сериясының (Будапешт қ.) бірінші турнирін Нұр-Сұлтандық Кирилл Герасименко тастап барады. Үнді құрамасының көшбасшысы, Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Сатиян Гнанасекаранды 3:2 есебімен жеңген соң, бүгін қазақстандық ойыншы 1/8 финалда әлемнің 7-ші ракеткасы Дарко Йоргичке (Словения) 1:3 есебімен жол берді.

Талап Қойбағаров