Теориялық және тәжірибелік сабақтар, шағын турнирлер

26.05.2022

"CNPC - Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы" Алматы академиясында еліміздің қалалары мен облыстарының жаттықтырушыларына арналған оқыту семинары және олардың тәрбиеленушілеріне арналған ОЖЖ өтіп жатыр, оны Қытайлық тәжірибелі тәлімгер Сюн Тао жүргізуде. Теориялық, тәжірибелік сабақтар, шағын турнирлер ойыншылармен жеке жұмыс жасауға арналған. Ақтау қаласының БЖСМ жаттықтырушысы Раушан Исламғалиева өз әсерімен бөлісті: "ОЖЖ-ға жас және болашағы зор спортшылар қатысуда: 7 жасар Рамазан Рауанұлы, 11 жасар Рианна Мұстафа, 13 жасар Расылхан Мұстафа, "Шаңырақ" Республикалық мектеп-интернат-колледжінен спорт шеберіне үміткерлер 13 жасар Аққу Темірханова, 15 жасар Бақыт Әлімжан. Мұнда олар жаттығу барысын ұнатады. Сюн Тао сияқты тәжірибелі тәлімгердің техниканы түзетіп, білімімен бөлісіп, үстелдегі негізгі элементтерді көрнекі түрде көрсететіні және бейнежазбаларды қолдана отырып, әлемдік үстел теннисі көшбасшыларының доп берулері, оны қабылдаулары, ұтыс ойындары туралы түсіндіргені бізге өте ұнайды. Жаттықтырушыларға арналған оқыту семинары пайдалы, мен өзім үшін көптеген керекті нәрселерді білдім. Біздің барлық сұрақтарымызға Сюн Тао толық, білікті жауап береді".

Талап Қойбағаров