Тек COVID-19 араласпаса болды

28.09.2020

2020 жылдың 1 қазанында Ресей үстел теннисі Федерациясы (РҮТФ) Директоратының отырысы өтеді, онда РҮТФ командалық чемпионатының лигалары мен топтарының құрамын, 1, 2 турдың өтетін орындарын, мерзімдерін бекіту жоспарлануда. Жарысқа қатысушылар қатарында ТТС "Astana", "TT Club Karaganda" клубтарының ерлер және әйелдер құрамалары бар. Егер covid-19 кедергі жасамаса, онда біздің спортшылар 4-8 қараша аралығында Верхняя Пышма қаласында (Свердлов облысы) Суперлигада ойнайтын болады. TTC "Astana" клубының әйелдер құрамасы Магнитогорск қаласында (29 қазан - 1 қараша, Суперлига) ойнайды, ал "TT Club Karaganda" ойыншылары Орынборда (29 қазан-1 қараша, Жоғарғы лига) өнер көрсетеді.

Талап Қойбағаров