Тасты кентінде үстел теннисінің залы ашылды

15.07.2022

14 шілде күні Ақмола облысының Тасты кентінде Қазақстан Үстел теннисі Федерациясы мен "Батыр боламын!" қайырымдылық қоры арасында жасалған меморандум аясында үстел теннисі залы ашылды. Бұл іс-шара ұйымдар ынтымақтастығының күнтізбелік жоспарында бірінші болғанын атап өту маңызды. "Қазақстан халқына" Қоғамдық Әлеуметтік Қорының қолдауымен халық саны аз ауылдық округтерде биыл 24 спорт зал, сондай-ақ келесі жылы 100 зал ашу жоспарлануда. Бүгін "Қазақстан халқына" ҚӘҚ төрағасы Болат Жәмішев бұл жобаларды салтанатты түрде бастап берді.

Жаңа үстел теннисі залы жаңа келген балалар үшін барлық қажетті жағдайлармен жабдықталған. Ақмола облысы үстел теннисі Федерациясының президенті Дастан Әкімовпен бірлесе отырып залға заманауи спорттық жабдықтар мен құрал-саймандар қойылды. Жаңа спорт залында ауылдық округтің барлық ниет білдірген балалары жаттыға алады.

Айта кетейік, Қазақстан Үстел теннисі Федерациясы мен "Батыр боламын!" қайырымдылық қоры арасында меморандум биылғы жылдың 23 маусымында жасалған болатын. Осы маңызды меморандумға қол қоюдың бастамашысы ҚР Үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Әбілғазин болды. Бұқаралық спорт әрқашан Қазақстан Үстел теннисі Федерациясының басты мақсаттарының бірі болды және қазір ол спортты тек үлкен қалаларда ғана емес, сонымен қатар еліміздің аудан орталықтарында да дамыту үшін қажырлы еңбек етуде. Жыл сайын республиканың түкпір-түкпірінде спорт залдары немесе қазіргі спорт мектептерінің жанынан үстел теннисі бөлімшелері ашылуда. Федерация бұл бағытта жұмысын жалғастыруда, сондықтан елдегі кішкентай ракетканың әрбір жас шебері сүйікті спорт түрімен айналысуға мүмкіндік алады.