Табысты бастама

10.04.2019

Қазан қаласында Суперлиганың әйелдер командалары арасында Ресей үстел теннисі Федерациясы чемпионатының 4-ші турының бірінші ойын күні аяқталды. «Astana» ТТС клубының ойыншылары Зәуреш Ақашева, Анастасия Лаврова, Гүлчехра Құсейінова мен Алсу Сапарова (суретте) бүгін үш матч өткізіп, оның үшеуінде де жеңіске жетті: «Нижегородка-1» (Нижний Новгород) 3:0, « ЦОП-2 » (Краснодар) 3:0, «№12 БЖМОРСМ» (Самара) 3:2. Чемпионат жалғасуда, алда біздің қыздарымызды тағы да 5 жекпе-жек күтіп тұр.

Талап Қойбағаров