Табысқа жету жолындағы алғашқы көмекшілер

20.04.2021

Көкшетау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының бұйрығымен үстел теннисінен он бес төрешіге: Замир Аминовқа, Саят Ахметовке, Серік Бағмановқа, Ақбота Бағмановаға, Виктор Войтенкоға, Жандос Есмұхановқа, Ілияс Инкановқа, Салауат Ілиясовқа, Ержан Жақановқа, Руслан Жұмағалиевке, Абай Жаңалиловке, Жасұлан Махметовқа, Әлмұхан Мұқановқа, Асхат Тәжмиевке, Анар Тұрлыбаеваға "Спорт төрешісі" санаты берілді. Бұл олардың қала және облыс біріншілігіндегі, республикалық жарыстар мен турнирлердегі кәсіби жұмыстарының нәтижесі. Төрешілер спорттағы басты тұлғалардың бірі болып табылатынын, жеңімпазды анықтауда оларға жауапкершілік жүктелетінін тағы да атап өтеміз және құттықтаймыз. Дәл осы "Спорт төрешісі" - теннисшілердің табысқа жету жолындағы алғашқы көмекшілері.

Талап Қойбағаров