Сюн Тао: "Сіздің теннисшілеріңіз жақсы әсер қалдырады"

17.04.2022

Республикалық үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин "CNPC - Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясы" Академиясына барып, жаттықтырушы Сюн Тао-мен (Қытай) кездесті, оның басшылығымен "ADD" орталығында тәлімгерлер үшін оқыту семинарлары, еліміздің ұлттық, жастар және жасөспірімдер командалары, сондай-ақ облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары спортшыларының оқу-жаттығу жиындары өткізілетін болады. Данияр Рүстемұлы Сюн Тао-ға қазақстандық үстел теннисінің игілігі үшін жұмыста сәттілік тіледі.

Сюн Тао: "Мен Павлодарда болып, Қазақстан чемпионатының жартылай, жеке-командалық финалдарын көрдім. Сіздердің теннисшілеріңіз жақсы әсер қалдырды - шеберлік тиісті деңгейде, тактикалық тұрғыдан сауатты, ракетканы сенімді ұстайды. Мен мұнда өте баяу, төмен жылдамдықта ойнайтынына назар аудардым. Осы бағытта жұмыс жасап, жылдамдық сапасын жақсартатын боламыз. Спортшылар арасында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Ескендір Харкидің ойындары ұнады".


Талап Қойбағаров