«Үстел теннисінің әкесі» деп кімді атайды?

03.07.2018

Айвора Монтегюдің бастамалары: үстел теннисінде, кинематографияда, тіпті саясатта даүнемі табысты болды. Барлық қиындықтарды ол лайықпен және көркемділікпен жеңе білді. Бірақ біз оны, әрине, Ағылшын үстел теннисінің Қауымдастықтарының негізін қалаушы және қырықжылдан астам мерзімде Халықаралық Федерация президенті ретінде есімізде қалдырамыз. Отанында оның идеясын ешкім әрқашандажақсы қабылдамаған: ол шын мәнінде ең бастапқы даму сатысында болған, осындай спорт түрін жақсы қолдағаны үшін, көбіне күдікті болып көрінді – оның үстіне, ол өзінің социалистік көзқарастарын ешқашанда жасырмаған еді тіпті социалистік құрылысты дамытудағы қосқан өз үлесі үшін Ленин орденін алды. Британияда одан тіпті шпион деп күдіктенді.

Айвер Монтегю ең бай ағылшын отбасының бірінде дүниеге келген, ол бай банкирдің үшінші ұлы болды. Алайда ол өз отбасыныңізімен жүрмеді, үлкен мұрағатын басқа да кем емес өте маңызды аймақтарға жұмсады. Мысалға, Монтегю колледжде оқып жүрген кезінде өзінің басқалар сияқты емес екендігін бірден байқатқан: шын мәнінде ол осы жоғары қоғамнан шыққан көтеруші еді. Ол стандартты емес тақырыптармен шұғылданатын – мысалы, зоология және жабайы табиғатпен, және сол уақыттағы танымал емес ойынның бірімен ойнаған еді. Айналасындағылардың барлығы футболмен және крикетпен шұғылданатын, бірақ Монтегю басқа жолмен кетті. Ол өзінің үстел теннисі ойынын үнемі жетілдіріп отыратын және Британияның атынан бүкіл әлем бойынша ойындарға шығатын. Осы спорт түрін жақсы зерттеп, ол үстел теннисінің нақты жинақтары мен ережелерін қалыптастырды, турнирлерге қолдау көрсетті, оны танымал ету үшін жұмыстар атқарды және тіпті жарыстарды қалыптастырып реттеу үшін алғашқы қауымдастықтар құрды. Өзінің мықтылығының арқасында, Айвор үнемі өз амбицияларын – спорттан басқа да түрлі жобаларда жүзеге асыруға ұмтылды, ол фильмдер түсірді, сценарийлар жазды, белгілі киносыншы болды. Алайда ол киноға қарағанда, үстел теннисі үшін көп нәрсені жасады: өйткені, ең алдымен спорттың бұл түрін, олардың өте шағын бағыттағы клубтарынан Англияның көшелеріне суырып алып шықты, үстел теннисін әрбіреуге және барлығы үшін спорт етіп жасады. Дәл осы Монтегю турнирді құрайтын барлық ұйымдастырушылық жұмыстарын пысықтып қана қоймай, оны өткізуге жеке-дара өз қаражатымен қолдау көрсетті және ол өз күшімен Лондонда үстел теннисінен ең бірінші Әлем Чемпионатын өткізген болатын. Ал тағы Монтегю Халықаралық Үстел Теннисі Федерациясын құрды, және оның қырық жылдан астам уақыт бойы, 1967-жылғы өзінің отставкаға кетуіне дейінауыспайтын басшысы болды. Осымен қатар Айвор Ағылшын ұлттық Үстел Теннисі Қауымдастығын құрған болатын: оғанда ол әртүрлі басшылық қызметтерде көмектесті.

Монтегю үстел теннисі бойынша алғашқы кітәптардың авторы да болды. 1924-жылғы «Үстел теннисі бүгін» және 1936-жылғы «Үстел теннисі» атты шығарылымдары, мәні бойынша, ойынның бөлшектері мен өзгешеліктерін сипаттайтын алғашқы әдеби еңбектердің бірі болды. Сонымен қатар ол өзінің істеген нәрсесін ешқашанда жеткілікті деп санаған емес, барлық уақытта үлкен жетістіктерге қарай ұмтылатын. Саясат, киноиндустрия, және спорт – Айвор Монтегюдің көптеген таланттары көпке көмектесті. Біздің барлығымыз оған рахмет айтуымыз керек – 1995 жылы ол Үстел Теннисі Даңқ Залына енгізілді.

Суретте Айвор Монтегю зайыбымен

Sportsflu.com материалдары бойынша