Үстел теннисіне барлық жастағы адамдар үйреншікті

26.06.2022

Өскемен қаласындағы үстел теннисі орталығында ардагерлер арасында Қазақстан чемпионаты жақсы деңгейде өтті. Үш күн ішінде әр түрлі жас топтарындағы мықтылар анықталды:

Финал, 40-49 жас:

Максим Мухин (Шығыс Қазақстан облысы) - Жандос Құрсабаев (Алматы облысы) 3:0. Үшінші орында Қанат Амангелдіұлы (Алматы облысы).

Финал 50-59 жас:

Күбеген Саламатов (Ақмола облысы) - Николай Киселев (Шығыс Қазақстан облысы) 3:0. Күбеген елдің екі дүркін чемпионы атанды.

Үшінші орында Нұрмұрат Жармұхамбетов (Шығыс Қазақстан облысы).

Финал 60-64 жыл:

Ерлан Әнуарбеков (Нұр-Сұлтан) - Есен Қожамқұлов (Қарағанды облысы) 3:1. Қола медальді Ермек Қарабаев (Алматы) жеңіп алды.

Финал 65-69 жас:

Сергей Сбоев (Солтүстік Қазақстан облысы) - Артур Ли (Алматы) 3:2. Құрмет тұғырының үшінші сатысына Ілияс Қалмұрзиев (Атырау) көтерілді.

Финал 70 жас және одан жоғары:

Мақатай Рамазанұлы (Маңғыстау облысы) 3:1 есебімен Владимир Пешковты (Шығыс Қазақстан облысы) жеңіп, республиканың бес дүркін чемпионы атанды. Үшінші орынды Еркен Исабеков иеленді (Маңғыстау облысы).

Әйелдер арасында "алтынды" Әлия Жанпейісова (Нұр-Сұлтан), "күмісті" Ольга Данилова (Өскемен), "қоланы" Гүлім Елдісбаева (Ақтау) жеңіп алды.


Талап Қойбағаров