Үстел теннисін дамыту игілігі үшін

26.01.2021

Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенко (Австрия) тәлімгерлерге арналған "Жаттығу барысын оңтайландыру" атты бейне конференциясын өткізді.

Дмитрий Левенко: "Бұл тақырыптың мақсаты - жаттығуларды ұйымдастыру және оны жоспарлау барысында кездесетін барлық мүмкін тетіктерді егжей-тегжейлі талдау болып табылады. Біз жақсы динамиканы қамтамасыз ету үшін жаттығу топтарын қалай оңтайлы құру керектігін және негізгі ойыншылар үшін қарқындылықты, сағат санын қалай көбейту керектігін талқыладық. Біз доптың көп санымен (ДКС) жұмыс істеуге, жаттығу барысында сапаны арттырудың басқа факторларына назар аудардық. Менің әріптестерім біздің қарсыластарымызды озып кету үшін спортшыларды өнімді жұмыстың оңтайлы жағдайларымен қамтамасыз етуге барлық жағдайды жасайды деп үміттенемін".

Талап Қойбағаров