Үстел теннисі шекарасын кеңейтуде

08.02.2020

Соңғы жылдары Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазиннің басшылығымен елімізде осы спорт түрін дамыту, материалдық-техникалық базаны нығайту, республикалық спорт мектептеріндегі бөлімшелердің және жаңа облыстық федерациялардың жұмыс істеуі, жаттықтырушы кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша орасан жұмыстар жүргізілуде. Міне, жақында Көкшетау қаласынан жақсы жаңалық келді: Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Әсет Бұқұбаевтың бұйрығымен "Бурабай" балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде үстел теннисі бөлімшесі ашылды, онда кішкентай-кадеттер, кадеттер, юниорлар, жастар және облыс құрамасы өз шеберліктерін шыңдайтын болады. Спорт залы, теннис үстелдері, жаттығу құрылғылары, дәрігерлік кабинеттері толыққанды жаттығу процесін қамтамасыз етеді және тәлімгерлерге кіші ракетканың жоғары сыныпты ойыншыларын дайындауға көмектеседі.

Талап Қойбағаров