Спорттағы жағымсыз құбылыстарға қарсы іс-қимыл

02.06.2021

Дарынды қазақстандық спортшылар Сарвиноз Мирқадірова (үстел теннисі), Айбек Насен (шорт-трек), Мария Гречаная (мәнерлеп сырғанау) және Иван Берча (садақ ату) Мәскеуде өткен жас олимпиадашылардың халықаралық форумына қатысты. Іс-шараны Ресей Олимпиада Комитеті ХОК-тың олимпиадалық ынтымақтастық тұрғыдағы қолдауымен, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігі (ВАДА), Ресейдің допингке қарсы агенттігі (РУСАДА) және Мәскеу қаласының спорт департаментінің қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты - спорттағы жағымсыз құбылыстарға қарсы тұру болып табылады.

Ұйымдастырушылар динамикалық бағдарламасы бар интерактивті алаң құра алды, онда 10 арнайы тақырыптық секция ұсынылды. Жас қонақтар үшін халықаралық Форум байқаусыз өте шықты, ал пайдалы ақпараттар өте көп алынды.

Сарвиноз Мирқадірова: "Олимпиада тарихы туралы көбірек біліп, басқа елдердің спортшыларымен әңгімелесіп, мен бұдан ары қарайда көп жұмыс істеп, осы ауқымды қозғалыстың бір бөлігі болғым келетінін түсіндім. Өз дағдыларымды одан әрі жетілдіруге ынта пайда болды".


Талап Қойбағаров