Спорт, мейірімділік, өзара құрмет

17.06.2022

Алматыда үстел теннисінен 2011 ж.т. және одан кіші спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатында бүгін әсерлі оқиға болды: үшінші орын үшін матчта жерлестер, екі маңғыстаулық қыздар кездесті. Айя Уәли екі партиядан кейін Амира Әлімгерейді 2:0 есебімен жеңеді. Үшінші сетте ол 8:4 есебімен алға шығады, Амираның көз жасы ағынмен ағыла бастайды, сол кезде Айя ракетканы үстелге қойып, команда бойынша құрбысына жақындайды, оны құшақтайды, уатады. Өте әсерлі көрініс, тіпті төреші де спортшыға ойынды тоқтатқаны үшін ескерту жасамады. 3:0 және Айя Уәлиде қола медаль. Ел чемпионаты жалғасуда.

Финал, ұлдар, 19 маусым.

Мансұр Сүйіндік (Батыс Қазақстан облысы) - Марлен Жұмағұл (Түркістан облысы).

3 орын Расул Қисан (Ақтөбе облысы),

3 орын Арсен Асқар (Батыс Қазақстан облысы).

Финал, Қыздар, 19 маусым.

Мария Лукьянова (Қарағанды облысы) - Жания Бекмұхамбетова (Қостанай облысы).

3 орын Арайлым Сапабек (Нұр-Сұлтан қ.),

3 орын Айя Уәли (Маңғыстау облысы).

Тікелей көрсетілім Youtube арнасында "Қазақстан Республикасының үстел теннисі лигасы" арқылы көрсетіледі.


Талап Қойбағаров