Сиырын сатып, "К-700" тракторымен жетіп, чемпион атанды!

04.03.2020

Өскемен қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында екі күн бойы Шығыс Қазақстан облысының үстел теннисі федерациясының жүлдесіне арналған ардагерлер арасындағы дәстүрлі "Беловодье-2020" атты халықаралық турнирі өтті. Өкінішке орай, ауа-райының қолайсыздығына байланысты, трассалар жабық болды және жарыстың көптеген әлеуетті қатысушылары өз сапарларын келесі жылға ауыстырды. Бірақ, "Беловодье-2020" климаттық кедергілеріне қарамастан Барнаул, Минусинск қалаларынан келген ресейлік теннисшілер және Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Талдықорған, Семей, Алтай, Риддер, Өскемен қалаларынан, Шығыс Қазақстан облысының аудан орталықтарының келген теннисшілер өз өнерлерін көрсетті. Барлығы шамамен жетпіс адам болды және олардың ішінде алты Ресей мен Қазақстанның спорт шеберлері, бірқатар спорт шеберіне үміткерлер және бірінші разрядты спортшылар бар.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

40-49 жас.

1 орын Марат Сұртұбаев (Қарағанды)

2 орын Алексей Мищук (Павлодар)

3 орын Әлібек Нарұбаев (Өскемен)

50-59 жас.

1 орын Нұржан Қапышев (Нұр-Сұлтан)

2 орын Валентин Сербаев (Барнаул)

3 орын Талғат Әнуарбек (Нұр-Сұлтан)

60-64 жас.

1 орын Александр Сартаков (Барнаул)

2 орын Николай Курицын (Өскемен)

3 орын Хайрулла Қоғабаев (Қарағанды)

65-69 жас.

1 орын Николай Вольский (Барнаул)

2 орын Александр Вдовин (Риддер)

3 орын Владимир Паньков (Өскемен)

70 жас және одан үлкен.

1 орын Теңелбай Дәуқұлов (Ақтөбе)

2 орын Михаил Горюнов (Минусинск, Красноярск өлкесі )

3 орын Владимир Пешков (Алтай).

Абсолюттік біріншілік.

1 орын Марат Сұртұбаев (Қарағанды)

2 орын Алексей Мищук (Павлодар)

3 орын Александр Сартаков (Барнаул)

Қызықты оқиға: "Беловодье-2020" турниріне қатысу үшін ақсақал Теңелбай Дәуқұлов сиырын сатып, сегіз сағат бойы "К-700" тракторымен Ақтөбеге дейін жолсыздықтан өтіп, одан кейін Нұр-Сұлтанға дейін және одан ары Өскеменге дейін ұшақпен ұшып келіп, 70 жас және одан үлкен жас санатында чемпион атанды. Үстел теннисінің шынайы әсіре жанкүйері.

Талап Қойбағаров