Шынында да жылы және үй жағдайында батырларымызды қарсы алды

14.12.2022

Елордалық әуежайда үстел теннисінен әлем чемпионы (2022 ITTF World Youth Championships) Алан Құрманғалиев пен оның тәлімгері, Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиеваны салтанатты жағдайда қарсы алды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спортты дамыту дирекциясының, Республикалық үстел теннисі Федерациясының, Қарағанды облысының спорт басқармасының өкілдері, жанкүйерлер, достар, әріптестер біздің батырларымызды жылы және шынайы үй жағдайында құрметтеді.

Эльмира Әлиева: "Тунисте чемпионатта біз бүкіл Қазақстанның қолдауын сезіндік және жерлестеріміздің сенімін ақтауға тырыстық. Республикалық үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Рүстемұлы Әбілғазинге, Қарағанды облыстық Федерациясының төрағасы Жеңіс Махмұдұлы Қасымбекке үлкен рахмет, олар бізге әлем чемпионатына дайындалуға және табысты өнер көрсетуге тамаша жағдай жасады".

Естеріңізге сала кетейін, Алан Құрманғалиевтің аралас разрядта алтын медалі және жеке есепте қола медалі бар.


Талап Қойбағаров