Швециядағы әлем чемпионатына кім барады?

11.01.2018

Алдағы жексенбіде, дүйсенбі және сейсенбі күндері Алматы қаласында 16 ер және 16 қыз теннисшілердің қатысуымен республикалық Іріктеу турнирі өтеді, онда шведтің Хальмстад қаласында өтетін 54 – ші командалық үстел теннисі бойынша әлем чемпионатына қатысу үшін жолдама сарапқа салынбақ.Турнирде Кирилл Герасименконы (Астана) қоспағанда Қазақстанның барлық мықты спортшылары ойын көрсетеді, себебі Кирилл бұл күндері Венгрияда өтетін Әлемдік турға дайындалуда (18-21 қаңтарда).