Шоғырланған және ынталы

29.03.2022

(ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының, (АTTU) Азия үстел теннисі Одағының қолдауымен Дохада Қазақстан, Корея, Иран, Иордания, Моңғолия, Ливан, Палестина, Непал, Оман елдерінің жарыс менеджерлеріне арналған семинар өтті. Біздің еліміздің атынан республикалық федерацияның қызметкерлері Нұрсұлтан Беков пен Мақсұт Әбішев қатысты. ITTF-ATTU үздік менеджерлерінің бірі Мохамед Эльдавлатли турнирлерді жоспарлау және өткізу кезіндегі маңызды мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндірді, WTT (әлемдік үстел теннисі) жарыстарының жаңартылған құрылымымен және "WTT Contender Doha" ұйымының техникалық бөлшектерімен таныстырды.

Мохамед Эльдавлатли: "Бұл менің Азия үстел теннисі одағына арналған екінші семинарым. Биыл топта тоғыз елдің, оның ішінде Қазақстаннан да өкілдер бар, олар өз елдерінде ұлттық, халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру үшін қажетті білім алуға шоғырланған және ынталы".

Талап Қойбағаров