Сергей Азважинский: "Сіздер дұрыс бағытта жұмыс істеп жатырсыздар"

09.08.2022

"ADD" Алматы үстел теннисі орталығында қазақстандық спортшылар мен олардың ресейлік әріптестері "ОТМК" (Орал тау-кен металлургия компаниясы, Свердлов облысы) клубының спортшыларының оқу-жаттығу жиыны аяқталды. ОТMK әйелдер командасының аға жаттықтырушысы Сергей Азважинский өз әсерімен бөлісті:

- Алматыда жиындар үшін тамаша жағдайлар жасалған - тамақтану, орналастыру, жаңа үстелдер. Қазақстандық жаттықтырушылармен жақсы жұмыс жасадық. ОЖЖ-ның басты міндеті үстелдерде жаттығу болды, өйткені бізде төртеуі ересектер спартакиадасына, үшеуі балалар спартакиадасына кетеді және біз оларды дайындау міндетін орындадық. Алдыңғы екі жиында жалпы дене дайындығына назар аударылды.

Сұрақ: қазақстандық теннисшілер сізге қалай көрінді?

Сергей Азважинский: осыдан 10 жыл бұрын Кирилл Герасименко бізге жиынға келген болатын, содан бері сіздерде мықты спортшылар пайда болды. "ADD" орталығында ОЖЖ-мен қатар Қазақстанның балалар чемпионаты өтті және жаңа жұлдыздар өсіп келе жатқанын көрдім. 120 ұл және 120 қыз балалар қатысты - әр ел мұндай қатысушылармен мақтана алмайды. Жақсы, сіздер дұрыс бағытта жұмыс істеп жатырсыздар.


Талап Қойбағаров