Сенімді реванш өтті

16.01.2022

Үстел теннисінен Германия чемпионатында 12-ші тур өтті. Бремендік «Werder» командасының ойыншылары Кирилл Герасименко (Қазақстан), Маттиас Фальк (Швеция), Марсело Агирре (Парагвай) өз алаңында «TSV» (Бад-Кёнигсхофен) клубының ойыншылары Килиан Ортпен (Германия), Филип Желькомен (Хорватия), Максим Гребневпен (Ресей) сайысқа түсті. Соңғы рет қарсыластар 2021 жылдың 31 қазанында кездескен болатын, ол кезде «TSV» спортшылары 3:2 есебімен мықты болды. Тура 77 күннен кейін сенімді реванш өтті, 3:0.

Маттиас Фальк («Werder») - Килиан Орт («TSV») 3:0;

Кирилл Герасименко («Werder») - Филип Желько («TSV») 3:1;

Марсело Агирре («Werder») - Максим Гребнев («TSV») 3:2.

Келесі матчты «Werder» 23 қаңтарда өте қауіпті қарсыласы - 2021/2022 жылғы Германия кубогының иегері, 2020 жылғы ел чемпионы «Saardrucken» (Саарбрюккен) клубымен өткізеді.

Талап Қойбағаров