Сенім ұялатты

14.04.2021

Оралда үстел теннисінен (18 жас және одан кіші) Қазақстанның жасөспірімдер чемпионаты басталды, оған еліміздің 15 өңірінен спортшылар қатысуда. Дәстүр бойынша, жарыс командалық есептегі жекпе-жектен басталды және медальдар үшін күресті жартылай финалға шығып, өз құрамында нағыз көшбасшылары бар құрамалар жалғастырады. Қыздар арасында олар Сарвиноз Мирқадірова және Әнел Бақыт (екеуі де Шымкент), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Арай Әшкеева және Александра Смирнова (екеуі де Қарағанды облысы), Мәлика Сандыбаева және Алтынай Ержанқызы (екеуі де Нұр-Сұлтан). Ұлдарда - Ескендір Харки (Жамбыл облысы), Алан Құрманғалиев (Қарағанды облысы), Дамир Сәрсенбай (Алматы), Санжар Жұбанов (Батыс Қазақстан облысы). Олар өз ойындарымен құрамадағы жолдастарына сенім ұялатты.

Жартылай финал, ұлдар:

Қарағанды облысы - Алматы;

Жамбыл облысы - Батыс Қазақстан облысы.

Жартылай финал, қыздар:

Шымкент - Павлодар облысы;

Қарағанды облысы - Нұр-Сұлтан.


Талап Қойбағаров