Құрметті және жауапты

19.05.2020

Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы турнирлерді жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу мақсатында елде төрешілер бригадаларын қалыптастыру жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруда. Осылайша, қала біріншілігінде, Жоғары және Супер лигалардағы ашық клубтық республика чемпионатында, Қазақстанның жеке-командалық чемпионатында, халықаралық турнирлерде Нұр-Сұлтан қаласының он екі төрешісіне "Спорт төрешісі" санаты берілді - олар Людмила Анисимова, Темірлан Ескендіров (суретте), Абай Шәріпов, Сергей Бескаравайный, Серік Мырзаспаев, Есенәлі Дүйсенбай, Дәулет Исмағұлов, Әділ Абельдинов, Айман Қапарова, Жасұлан Жаманбаев, Владислав Ивановский, Руслан Түсіпов.

Құттықтаймыз!

Талап Қойбағаров