Құрмет тұғырының жанынан өтті

06.11.2022

Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында халықаралық сарапшы Массимо Костантинидің (Италия) жетекшілігімен Иран, Қырғызстан, Малайзия, Ливан, Таиланд, Түрікменстан, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Қазақстанның жас және дарынды спортшыларының "2022 Asia Hopes Week&Challenge" оқу-жаттығу жиыны аяқталды. ОЖЖ-ның соңғы күні іріктеу турнирінің нәтижелері бойынша әлемдік "ITTF World Hopes Weekand Challenge" алты жолдама иегерлері (ұлдарда үш жолдама және қыздарда үш жолдама) анықталды:

Ұлдар: Фараз Шакиба (Иран), Нимит Сойпхуанг (Таиланд), Аль Тахер Абдұлрахман (Сауд Арабиясы).

Қыздар: Чеа Ю Чжэн (Малайзия), Кулапсср Виджитвириягул (Тайланд), Аружан Камалова (Өзбекстан).

Қазақстандықтар арасында Марлен Жұмағұл (Түркістан) және Айназ Әділгереева (Алматы) 5-орынды иеленді.

Әлемдік " ITTF World Hopes Weekand Challenge " Францияда 2023 жылдың қаңтарында өтеді.


Талап Қойбағаров