Әрі қарай Патрик келеді

11.10.2019

Немістің Бремен қаласында үстел теннисінен Германияның ашық чемпионаты жалғасуда. 1/16 финалда қазақстандық Кирилл Герасименко - Еуропаның төрт дүркін чемпионы, командалық есептегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері және аралас разрядтағы медаль иегері атақты Патрик Францискпен кездесті (Германия, суретте). Матч нәтижесі 4:0 Патриктің пайдасына.

Германияда Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко сәтті өнер көрсетіп жүр, оның өз қоржынында үш жарқын жеңісі бар: Даниел Гонсалес (Пуэрто-Рико) 4:0, Джа Канак (АҚШ) 4:0, Тьяго Монтейро (Бразилия) 4:1.

Талап Қойбағаров