Рейтингте көмектеспеді

16.11.2019

Екатеринбургте ОТМК үстел теннисі орталығында (Орал тау-кен металлургиялық компаниясы) ерлер Суперлигасында Ресейдің командалық чемпионатының бірінші туры басталды. № 1 топта TTC "Astana" (Нұр-Сұлтан қ.), №12 ОРСМ (Самара қ.), "ОСШОР" (Түмен қ.), УОР (Қазан қ.), "ОТМК-УОР" (Верхняя Пышма қ.), "ОТМК-Резерв" (Верхняя Пышма қ.) клубтары өнер көрсетеді. Бүгін Бақдәулет Әкімәли, Ырысбек Артұқметов, Бекұлан Жамал, Дастан Кенжеғұловтың (суретте) қарсыластары рейтинг кестесі бойынша біздің теннисшілерімізден төмен болған самаралықтар мен түмендіктер болды, бірақ бұл TTC "Astana"-ны 1:3, 2:3 есебімен екі жеңілістен құтқармады. Ертең УОР (Қазан қ.), "ОТМК-УОР" (Верхняя Пышма қ.) клубтарымен ойнаймыз.

Талап Қойбағаров