Реваншты күтуде

02.02.2021

3 ақпанда бремендік "Werder" клубы сапында Кирилл Герасименкомен бірге үстел теннисінен Германия чемпионаты аясында Бергнойштадттан келген "TTC Schwalbe" клубын қабылдайды. Қарсыласы, бірінші турда 3:0 есебімен жеңіске жетіп, ал ел Кубогының 1/8 финалында "Werder" командасын 3:2 есебімен жеңіп беделді турнирден шектеткен болатын. Сәрсенбіде өтетін шайқасқа командалар бірдей көрсеткіштермен келді: "TTC Schwalbe"-8 жеңіс, 7 жеңіліс, 8 орын, "Werder"-8 жеңіс, 8 жеңіліс және 9 орын. Ойын қызықты өтеді деп күтілуде. Маттиас Фальк, Кирилл Герасименко, Хунор Сеч, Марсело Агирре қайта шайқасқа түсіп және Альваро Роблес, Бенедикт Дуда, Штефан Фегерль, Альберто Минодан өз еселерін қайтарғылары келеді.

Суретте Бергнойштадттың "TTC Schwalbe" клубы

Талап Қойбағаров