Реванш өтті

23.11.2020

Қытайдың Чжэнчжоу қаласында Халықаралық үстел теннисі Федерациясының "ITTF Finals" атты турнирі аяқталды. Оған әлемдік рейтингтегі мықты 16 теннисші әйелдер мен 16 мықты теннисші ерлер қатысты. Жүлде қоры 500 000 АҚШ доллары. Ерлер финалында, Вэйхай қаласында өткен Әлем Кубогындағы сияқты үш дүркін Олимпиада чемпионы Ма Лонг, төрт дүркін әлем чемпионы Фан Жендонг өз өнерлерін көрсетті. Егер Вэйхайда Фан Жендонг 4:3 есебімен мықтырақ болса, бүгін сәттілік Ма Лонгтың жағында болды, есеп 4:1 (суретте).

Ерлер:

1 орын және жүлде 50 000$ - Ма Лонг (Қытай)

2 орын және жүлде 30 000$ - Фан Жендонг (Қытай)

3 орын және жүлде 20 000$-дан - Янг Ву Джин (Корея) және Сюй Синь (Қытай).

Әйелдер:

1 орын және жүлде 50 000$ - Чен Мэнь (Қытай)

2 орын және жүлде 30 000$ - Ван Манью (Қытай)

3 орын және жүлде 20 000$-дан - Ито Мима (Жапония) және Сунь Йинша (Қытай).

Талап Қойбағаров