Реванш күтеміз

12.01.2022

Рождестволық демалыстан кейін қазақстандықтар Кирилл Герасименко (Бременнің "Werder" клубы), Анастасия Лаврованың ("SV SCOTT", Йена қаласы) қатысуымен үстел теннисінен Германия чемпионаты қайта басталады.

15 қаңтарда Эдже Харак, Майя Кунац, Карлин ван Лиероп және біздің Анастасия өз алаңында "G.-W. Staffel 1953" (Лимбург) клубының спортшыларын қабылдайды. 10 клубтың ішінде "SV SCOTT" турнир кестесінде 5-ші орында тұр.


16 қаңтарда Кирилл Герасименко, Маттиас Фальк, Марсело Агирре, Хунор Сеч Бременде "TSV" (Бад-Кёнигсхофен) клубымен ойнайды. Соңғы рет қарсыластар 2021 жылдың 31 қазанында кездескен болатын, ол кезде "TSV" ойыншылары Филип Желько, Килиан Орт, Бастиан Штегер, 3:2 есебімен мықты болды. Реванш күтеміз.

Талап Қойбағаров