Әр түрлі ойын стилі бар теннисшілер

30.04.2022

Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Андижан (Өзбекстан), Ақтау, Жетісай, Көкшетау, Тараз, Түркістан, Сарыағаш, Орал, Өскемен, Екібастұз қалаларынан 21 команданың қатысуымен үшінші лигада Қазақстанның ашық чемпионатының бірінші туры өтуде. Жарыстың соңғы күнінің алдында көшбасшылар қатарына "Арыстан" (Орал), Өскемен, Екібастұз, "Ақ Алтын" (Жетісай) командалары шықты.

Нұрдәулет Нугай, "Арыстан" (Орал) капитаны: "Біз жауынгер, ойнай білетін командамыз және осы маусымда 3-ші дивизионды жеңіп, екінші лигаға өту мақсатын қойдық. Барлық матчтар қызықты өтуде, қарсыластар шеберлік деңгейі бойынша әртүрлі, бірақ біз босаңсымаймыз, әр кездесуге жауапкершілікпен қараймыз. Бұл тек бірінші тур және барлық негізгі күрес әлі алда".

Раушан Исламғалиева, "Mustafa-RIM" (Ақтау) командасының жаттықтырушысы: "Біз еліміздің ашық командалық чемпионатында дебют жасадық және бұған өте қуаныштымыз. 15 жастағы Әлімжан Бақыт, 13 жастағы Расылхан Мұстафа, 10 жастағы Радмир Мұстафа, 12 жастағы Никита Романюк, 11 жастағы Рианна Мұстафа мұнда жақсы кәсіби тәжірибе алып, тәжірибелі спортшылармен, әртүрлі ойын стильдері бар теннисшілермен жарысуда. Қазір біз жеңгеннен гөрі жиі ұтылудамыз, бірақ әр ұпай үшін күресіп, қажетті тәжірибе жинаудамыз".


Суретте "Арыстан" (Орал), "Mustafa-RIM" (Ақтау), "Kezar" (Андижан, Өзбекстан) командалары.


Талап Қойбағаров