Qatar Open қорытындысы

09.03.2020

Дохада үстел теннисінен Катардың (ITTF world tour (Platinum) ашық чемпионаты аяқталды, оның жүлде қоры 400 000 АҚШ доллары. 20 медальдың арасында 10 медальді жеңіп алған қытайлық спортшылар дәстүрлі түрде "өте жақсы" деген бағаға ие болды. Қазақстандықтар Кирилл Герасименко, Анастасия Лаврова біліктілікте өнер көрсетті, алайда олар Qatar Open чемпионатының негізгі торына өтпеді. Кирилл Вэй Шихаоны (Хорватия) 4:3 есебімен жеңіп, венгрлік ойыншы Адам Судиге 3:4 есебімен ұтылып қалды. Анастасия жапондық спортшы Хонок Хашимотодан 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

Qatar Open чемпиондары мен жүлдегерлері:

Ерлер.

1 орын Фан Жэндон (Қытай)

2 орын Лиам Питчфорд (Англия)

3 орын Сюй Синь (Қытай)

3 орын Ван Чуцинь (Қытай)

Әйелдер.

1 орын Чэнь Мэн (Қытай)

2 орын Ито Мима (Жапония)

3 орын Ван Маньюй (Қытай)

3 орын Дин Нин (Қытай)

Ерлер жұбы.

1 орын Ма Лонг-Сюй Синь (Қытай)

2 орын Лиам Питчфорд-Пол Дринкхолл (Англия)

3 орын Фан Жэндон-Ван Чуцинь (Қытай)

3 орын Вон Чаньтхин-Хо Кван Кит (Гонконг)

Әйелдер жұбы.

1 орын Ван Маньюй - Чжу Юйлин (Қытай)

2 орын Мию Кихара - Мию Нагасаки (Жапония)

3 орын Юй Мэн Юй – Лин Е (Сингапур)

3 орын Ишикава Касуми – Хирано Миа (Жапония)

Аралас турнир.

1 орын Джан Мизутани - Ито Мима (Жапония)

2 орын Ван Чуцинь - Сунь Инша (Қытай)

3 орын Хо Кван Кит - Ли Хо Чин (Гонконг)

3 орын Альваро Роблес - Мария Сяо (Испания).


Талап Қойбағаров