Приморац және жұлдызды компания шақырады!

30.04.2020

Құрметті жаттықтырушылар, спортшылар және төрешілер! 2020 жылдың 2 мамырында сағат 21:00-де Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) "Table Tennis at your fingertips" ("Үстел теннисі Сіздің қолыңыздың астында") онлайн-семинарларының жаңа сериясын бастайды. Аталмыш онлайн-семинар сіздерге бағытталған және оған кіші ракетканың мынандай жұлдыздары қатысады: Зоран Приморац (Югославия, Хорватия, суретте), Әлем және Еуропа чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, жеті жазғы Олимпиадаларына қатысушысы; Диас Адриана (Пуэрто-Рико), Панамерикандық ойындар мен 2020 жылғы континент Кубогының чемпионы; Дина Мешреф (Мысыр), Африка ойындарының, Африка кубогының және чемпионатының алтын медаль иегері; Роберт Гардос (Австрия), жұптық разрядтағы, командалық есептегі Еуропа чемпионы; Шарат Камаль (Үндістан), елдің тоғыз дүркін чемпионы, Достастық Ойындарының жеңімпазы. Семинарға қатысу тегін және орындар саны шектеулі екеніне назар аударамыз.

Онлайн-семинарлар сериясына тіркелу үшін сілтеме бойынша өтіңіз:

https://www.ittf.com/2020/04/28/new-webinar-series...