Польшалық турнир бізге не әкеледі?

18.05.2019

22 мамырда Польшаның Владыславово қаласында үстел теннисінен "ITTF Junior Circuit Premium Polish Junior & Cadet Open" турниріне қатысу үшін әлемнің 28 елінен 312 жасөспірім мен кадеттер жиналады. Қазақстанның намысын Бақдәулет Әкімәли, Ескендір Харки, Максим Прадедов, Сарвиноз Мірқадірова, Ангелина Романовская және Анель Бақыт қорғайды (суретте жаттықтырушысы Евгений Тимченкомен бірге).

Талап Қойбағаров