Польшадан күміс

22.05.2022

Алан Құрманғалиев (Қазақстан) Польшада өтіп жатқан "WTT Youth Contender" өкілдік турнирінде екінші орын алды. 17 жас санатында ол Джузеппе Каларконы (Италия), Егор Ларковты (Литва), Пётр Гавласты (Польша), Рохелио Кастроны (Мексика), Ли Хоюнді (Корея), Натана Ламаны (Франция) жеңіп, финалда ғана кореялық ойыншы О Чжун Суннан жеңіліп қалды. Алан мен оның жаттықтырушысы Эльмира Әлиеваны күміс медальмен құттықтаймыз.

Талап Қойбағаров