Полкке спорт шеберлері келді

13.10.2019

Оралдағы үстел теннисінен еліміздің жастар чемпионатында қазақстандық жанкүйерлер үшін қуанышты жағдай болды: 12 жасар (!) қарағандылық Алан Құрманғалиев аралас разрядта алтын медаль жеңіп алып, спорт шебері нормативін орындады. Табыс керемет, бірақ кездейсоқ емес, өйткені бір ай бұрын (ITTF) халықаралық үстел теннисі федерациясы "Hopes Week" құрлықтық, әлемдік турнирлердің қорытындысы бойынша біздің Аланды (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) 2019 жылдың үздік жас теннисшісі деп атаған болатын.

Тағы екі спортшы жұптық разрядта жеңіске жетіп, спорт шеберлері атанды - олар 16 жасар Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы, жаттықтырушылары Бауыржан Шайхин, Ольга Архипова) және Санжар Жұбанов (Батыс Қазақстан облысы, жаттықтырушысы Сарвара Назарова). Жаңа шеберлерді құттықтаймыз!

Ертең ұлдар арасында жеке есептегі алтын медаль иегері белгілі болады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер

Жұптық разряд, ұлдар:

1 орын Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы)-Санжар Жұбанов (Батыс Қазақстан облысы)

2 орын Дастан және Айдос Кенжеғұловтар (Батыс Қазақстан облысы)

3 орын Сергей Коновалов (Шығыс Қазақстан облысы)-Сабыржан Аман (Шымкент)

3 орын Сарвар Ырысәлиев (Шымкент) - Есенгелді Жаңай (Ақтөбе облысы)

Жұптық разряд, қыздар:

1 орын Анель Бақыт – (Алматы) - Ангелина Романовская (Павлодар облысы)

2 орын Зәуреш Ақашева-Александра Смирнова (Қарағанды облысы)

3 орын Сарвиноз Мірқадірова-Мәлика Илхамжанова (Шымкент)

3 орын Алсу Сапарова (Батыс Қазақстан облысы)-Алина Борисюк (Қостанай облысы)

Аралас разряд:

1 орын Алан Құрманғалиев – Зәуреш Ақашева (Қарағанды облысы)

2 орын Ырысбек Артұқметов-Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент)

3 орын Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы)-Алина Борисюк (Қостанай облысы)

3 орын Сергей Коновалов (Шығыс Қазақстан облысы)-Анель Бақыт (Алматы).


Талап Қойбағаров, Орал қ.