Павлодарлықтар ақтөбеліктерге жанкүйер болды

28.11.2018

Алматыда Қазақстан Үстел теннисінің федерациясы залында жоғары лига ерлер командасының арасында және әйелдер клубының арасында – еліміздің екі бірдей чемпионаты аяқталды.

2019 жылғы Суперлиганыңтеннисшілер үш жолдамасына таласты. «Шымкент», «Ертіс» (Павлодар) және Ақтөбеден олимпиадалық резервті дайындау орталығынан (ОРДО) сенімді түрде барлық маусымда алдыға жылжыды. Қорытынды IV турде павлодарлық Константин Бондаренко, Алексей Мищук, Александр Максимов тоғыз матч жүргізді және барлығында да жеңіске жетті. Чемпионаттың екінші кезеңінің нәтижесі бойынша бірінші орынды алу үшін «Ертіс» қатты күйзелді, шымкенттіктерді ақтөбеліктердің жеңгенін қалады. Оңтүстіктер матчты 3:0 апарды және нәтиженің жақсы жағдайына сендірді. Алайда ОРДО спортшылары мінез көрсетіп 4:3-пен жеңді. Осы есептен кейін «Ертіс» жалпы қорытындыда бірінші, екінші «Шымкент» (Бақдәулет Әкімали, Сарвар Ирисалиев, Ердәулет Оразбаев, Нұрпейіс Дарханбай, Бекзат Байзақ), үшінші ОРДО (Есенкелді Жанай, Бейбол Сағын, Медет Сатыбалды, Алексей Мостовой, Ибрагим Оспанов) келесі маусымда осы керемет үштікті Суперлигада күтеді. Құттықтаймыз! 4 орыннан 10 орынға дейін алғандар «Орал» (Орал), «Хван Ман Гым-2» (Өзбекстан), «Каспий» (Ақтау), «Ардагер» (Алматы),«Арыстандар» («Шанырақ» спортмектебі, Алматы),«СДЮШОР-Сұңкар» (Туркістан облысы), «МIKZ» (Қостанай).

Әйелдер клубының арасындағы чемпионатта аздаған сенсация болды – сөзсіз мықты лидерлер Зәуреш Ақашева, Наталья Сладкова («Қарағанды-1») жарыстың соңғы күні 15 жастағы спорт шеберлері Ангелина Романовская мен Анель Бахытқа («Павлодар-1») жол берді, есеп 1:3. Бұл жеңіліс қорытындыда қарағандылықтардың бірінші орындарына ешқандай әсер еткен жоқ. Екінші орын Сәрвиноз Мірқадірова мен Малика Илхамжанова («Гүльдер», Шымкент), үшінші «Павлодар-1» теннисшілері. Әрі қарай «Қостанай»,«Павлодар-2», «Жетісу», «Қарағанды-2», «Мартөбе» (Шымкент), «Жамбыл», «Шымкент», СДЮШОР (Туркістан облысы), «Алматы».




Талап Қойбағаров