Өзгерістер келеме?

22.05.2020

Әлемнің үздік алты газетінің бірі "The Times of India" журналисі Халықаралық үстел теннисі Федерациясының (ITTF) Президенті Томас Вайкертпен сұхбаттасып, COVID-19 вакцинасы құрылғанға дейін халықаралық турнирлер күнтізбесінен аралас және жұптық разрядтарды алып тастау жоспарланып отырғанын анықтады. Бұл 2020 жылғы спорт маусымында әлеуметтік қашықтық ережелерін ескерумен байланысты. Томас Вайкерт атап өткендей, Германияда жарыстарды қайта жандандырмақ, бірақ көрермендерді шақырусыз және тек жеке разрядта ғана.

Талап Қойбағаров