Қозғалыс-күш!

08.12.2020

15 желтоқсанда сағат 19.00-де Қазақстандық тәлімгерлер үшін үстел теннисінен ұлттық құраманың жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенко онлайн семинар өткізеді. Тақырыбы: "аяқпен жұмыс істеудің техникасы". Үстел теннисінде аяқпен жұмыс істеудің техникасы маңызды ма? Ол неге әсер етеді? Аяқпен жұмыс істеу кезіндегі соққының сапасы? Осы және басқа да мәселелер онлайн режимде талқыланатын болады. Семинарға қатысу үшін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және республика облыстарының аға жаттықтырушыларына хабарласу қажет.

Талап Қойбағаров